Социалистік Польшаның басшыларының портреттерін салып, торт пісірген кондитерлерді 2 жыл түрме күтіп тұр

АСТАНА. Қазанның  29-ы. ҚазАқпарат -   Жергілікті  мұғалімдердің  дәстүрлі слетіне      арнап  торт  пісірген Польшаның Коронов  қаласының кондитерлерін  түрме күтіп  тұр.
None
None

Дәлірек айтқанда,  торт пісіргендері  үшін емес,    өздерінің тәтті  «туындыларын»   социалистік Польшаның    басшыларының  портреттерімен    безендіргендері   үшін   оларды  2 жылға  дейін      түрме   күтіп тұр,  деп  хабарлайды   ИТАР-ТАСС агенттігі. 

Істің  мән-жайына келер болсақ:     дәстүр бойынша  мұғалімдерге   жыл  сайын  «күтпеген  сыйлығы»  бар   торт пісіріліп, мұғалімдер  ол жұмбақты   шешкеннен кейін  барып,    тортты  жейтін болған.  Бұл жолы  торттың  бетіне кондитерлер  Эдвард Герек, Болеслав Берута, Войцех Ярузельский   сияқты социалистік Польшаның  мемлекеттік және партиялық жетекшілерінің   портреттерін  орналастырады  да, астына  «Польша     күшті  болып, адамдар жақсы  тұрулары  үшін!»  деген жазу  жазады.   Мұғалімдер  слетіне   қатысушылар   бұл сөзді   тортта  бейнеленген  қайраткерлердің қайсысы айтқанын табулары керек  болған.

Бірақ  істің  соңы насырға  шауып отыр:     шараға қатысушылардың бірі  әлгі   тортты  суретке  түсіріп алып,    Ұлттық жады институтының  жергілікті   бөліміне  тапсырған және    слетке  қатысушыларды «тоталитаризмді  насихаттады» деп айыптаған.    Польша қылмыстық кодексінің  256-шы бабына сәйкес,  мұндай    «әрекетке»  барғандарды    2 жылға дейін     жаза күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар