Содырлар Ауғанстанда Құндыз провинциясының орталығына шабуыл жасады

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - «Талибан» қозғалысының содырлары  жексенбіде Құндыз провинциясының әкімшілік орталығына шабуылдап, Құндыз-Бағлан тас жолын  қоса алғанда, барлық жолды жапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

Содырлар Ауғанстанда Құндыз провинциясының орталығына шабуыл жасады

Ауғанстан солтүстігіндегі Құндыз провинциясының провинциалдық кеңесінің мүшелері қазіргі уақытта өңірде «Талибан» содырларының шабуылынан кейін қауіпсіздік жағдайы нашарлағанын ескертті.

 «Бүгін таңертең талибтер Талвака және Ханабад-роуд ауылдарынан екі бағыт бойынша шабуылдарын бастады. Абырой болғанда, олардың шабуылына тойтарыс беріліп, жау ауыр шығынға ұшырады», - деді Құндыз губернаторының өкілі Сайед Махмуд Даниш.

Жергілікті шенеуніктер Ауғанстан қауіпсіздік күштері белгілі шығынға ұшырата отырып, талибтерге  ойсырата соққы жасағанын айтты.

«Қазіргі уақытта соғыс жүріп жатыр, атыстар естілуде. Адамдар өлімін күнде көреміз», - деді Құндыз провинциалдық кеңесінің басшысы Амурдин Вали.