Содырлар босқындардың кейпінде шекарадан өткен: Атырау гарнизонының оқу-жаттығулары

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Оқу-жаттығулар кезінде Атырау гарнизонының әскери қызметшілері «Қарабатан» оқу полигонында заңсыз қарулы топтардың ену туралы шартты әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігі Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жаттығулардың жоспарына сәйкес, содырлардың шағын топтары босқындардың кейпінде шартты шекарадан өтіп, еліміздің аумағына басып кірген болатын. Оларды іздеп табу және жою үшін Атырау г арнизоны әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшілері тартылды.

«Роталардың арнайы-тактикалық жаттығулары барысында бөлімшелердің бірі шартты жау кейпінде әрекет етті. Жаттығу барысында бөлімшелердің тактикалық іс-қимылдарына, жауынгерлік және атыс бақылауында қаруды шебер және тиімді қолдануға, сондай- ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға басты назар аударылды.

Жаттығулардың нәтижелері бойынша жеке құрамның дайындығы «жақсы» деп бағаланды», - деді әскери бөлімнің штаб бастығы майор Жалғас Рахмғалиев.

Жаттығулардың нәтижелері бойынша капитан Нұрбек Айтқалиевтің басқаруындағы бөлімшелер барынша үйлесімділік танытты.

«Жаттығу барысында біз жеке құрамға, әскери техника мен қару- жараққа арналған далалық баспана мен жасырыну орындарын жабдықтау, кедергілер мен тосқауылдарды ұйымдастыру, сондай-ақ медициналық көмек көрсету мен жаралыларды эвакуациялау бойынша іс-шараларды өткізуде шеберлігімізді арттыра алдық. Мен офицерлер мен сержанттардың бірлескен және үйлесімді жұмысының арқасында жеке құрам өздерін жақсы жағынан көрсеткеніне өте қуаныштымын», - деді командир.

Оқу-жаттығуға барлығы 200-ге жуық әскери қызметкер тартылды. 20-дан астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар