Содырлар Нигериядағы Chevron компаниясының мұнай платформасын басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Содырлар Нигерия жағалауларында орналасқан АҚШ-тың Chevron компаниясына тиесілі мұнай платформаларын жаулап алды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға «Эскравос» мұнай терминалынан 70 шақырым қашықтықта болған. Елдің Әскери-теңіз күштері өкілі Крис Эзекобе мұнай компания оқиғаға қатысты нақты мәлімдеме жасамағанын айтты.
Айта кетейік, Нигериядағы мұнай өндіру көлемі Африкада бірінші орында тұр.