Содырлар Пәкістанның оңтүстік-батысында 20 адамды өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз содырлар өткен түнде пәкістандық Турбат қаласындағы жұмысшылар лагеріне оқ жаудырған. Салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақаттанды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Содырлар Пәкістанның оңтүстік-батысында  20 адамды өлтірді

Олардың ақпаратынша, Сохраб дамбасындағы көпірдің құрылысына жұмылдырылған көршілес Синд және Пенджаб провинцияларының жұмысшыларына шабуыл жасалған. Шабуыл жасағандар мотоциклдердің көмегімен оқиға орнынан ізін суытқаны аталып өтілді.

Полиция болған оқиғанын себептерін анықтап жатыр. Әзірге бұл істі Белуджистандағы бірде-бір лаңкестік топ өз мойнына алмады.