Содырлардың Ауғанстандағы Құндыз қаласын басып алуына уақтылы барлаудың болмауы себеп болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Талибан» қозғалысының ауғандық Құндыз қаласын басып алуына негізгі себеп уақтылы барлаудың болмағанынан орын алды. Мұндай тұжырымды талибтердің елдің солтүстігіндегі қалаға жасаған шабуылын тергеген Волеси джирганың (Ауғанстан парламентінің төменгі палатасы) арнайы комиссиясы жасады.
None
None

Комиссия деректеріне сүйенсек, талибтерді Құндыз провинциясының күш құрылымдарына енгізу де ықпал етуші факторлардың бірі болды. Комиссия мүшелері егер таяу уақытта талиб ұйымдары толықтай жойылмаса, Ауғанстан солтүстігінде мұндай қақтығыстар қайталануы мүмкін екендігін ескертті.

«Ұлттық қауіпсіздік басқармасының ұсынған баяндамасынан қақтығыс салдарынан кем дегенде 1950 адам жараланып, ауруханаға жеткізілгенін, 900 талиб өлтірілгенін байқауға болады. Ал үкімет әскері көп шығынға ұшырай қойған жоқ», - деп мәлімдеді Волеси джирги қауіпсіздік жөніндегі ішкі комиссия басшысы, тергеу тобының басшысы Мирдад Ниджраби.

Ол Құндызды азат ету үшін айқаста кем дегенде 34 полицей, Ауғанстан Ислам мемлекетінің арнайы қызметінің бір уәкіл қызметкері және жеті әскер қызметшісі өлтірілгенін, тағы 54 полицей жараланғанын қосты.

Комиссия әзірге азаматтық тұрғындардың арасындағы құрбандар жайлы толық деректерді тергеу үстінде. Алдын ала тергеу қақтығыс барысында 70 азаматтық тұлға өлтірілгенін көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар