Содырлармен қақтығыста құқық қорғау органының 1 қызметкері қаза тауып, 8-і жарақаттанды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Дағыстанда содырлармен арадағы қарулы қақтығыс кезінде құқық қорғау органдарының 1 қызметкері қаза тауып, 8-і жараланды.
Ал содырлар тарабынан 2 адам мерт болды, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі республиканың құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.
«Бүгін түнде Хасавюрт ауданында күдікті адамдар көзге түсті. Олар Карланюрт ауылындағы жеке үйлердің біріне жасырынды. Қарулы қақтығыс барысында 2 содырдың көзі жойылып, құқық қорғау органдарының 1 қызметкері қаза тапты, жарақат алған қызметкерлердің саны 8-ге жуықтайды», - деді ол агенттікке.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта арнайы операция жүруде.