София Ротару шұғыл ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші София Ротару  өзінің ауруханаға жатқызылғаны жайлы тараған хабарға орай түсінік берді.

София Ротару шұғыл ауруханаға жатқызылды

«Шынында да кеше денсаулығыма байланысты бірқатар проблемалар туындады»,- деп жазды ол өзінің Instagram-аккаунтына.

Сондай-ақ өз табынушыларына  қолдау көрсеткендіктері және қамқорлықтары үшін алғыс айта келе, қазір өзін қалыпты сезінетіндігін жеткізген.

Бұдан бұрын БАҚ-та Ротарудың Уфа қаласында болған корпоративтік шарада ән салғаннан соң ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарланған болатын.

София Ротару - кеңестік және украиндық эстрада әншісі және актриса. 1988 жылы КСРО Халық әртісі атағын алды, ал 2002 жылы Украина Батыры атанды. Оның репертуарында орысша, украинша және өзге де тілдерде 500-ден аса ән бар.