Софияның орталығында жарылыс болды: 10-нан астам адам зардап шекті

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Софияның орталығындағы Қытай мейрамханасында жарылыс болды, салдарынан 11 адам жарақаттанды.

Софияның орталығында жарылыс болды: 10-нан астам адам зардап шекті

Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қалғандары аздаған жарақат алған, деп хабаралады РБК. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдай қолданыстағы газдың жарылуынан болған. Жарылыс ас үй мен мейрамхананың қосымша бөліктерін бөліп тұратын қабырғасын толығымен жойған. Ол жерде газ баллондары сақталса керек.