Соғыс құпиялары: Еуразия бірінші арнасында тарихи сериал көрерменге жол тартады

АСТАНА. KAZINFORM — 5-9 мамыр аралығында «Еуразия бірінші арнасында» көп бөлімді «Аллигатор» көркем фильмі жарыққа шығады. Телетуынды бұрын құпия саналған архив материалдары негізінде түсірілген тылдағы соғыс туралы баяндайды. 

Соғыс құпиялары: Еуразия бірінші арнасында тарихи сериал көрерменге жол тартады
Фото: Видеодан алынған скрин

Фильм — Ресейдің (Бірінші арна) және Қазақстанның (Еуразия Бірінші арнасы) бірлескен жобасы.

Соғыс құпиялары: Еуразия бірінші арнасында тарихи сериал көрерменге жол тартады
Фото: Видеодан алынған скрин

Тарихи сериалда Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Алматы қаласында болған оқиғалар негізінде өрбиді. Сол кезеңде қалаға зауыттар, театрлар мен киностудиялар эвакуацияланған. Сонымен қатар Мәскеу, Киев, Харьков, Кишинев, Минск қалаларынан ұрылар мен пәтер тонаушылар да тылға ағылды. Олардың қатарында кейіннен Станислав Говорухиннің «Кездесу орнын өзгертуге болмайды» (Место встречи изменить нельзя) фильмінде бейнеленген «Қара мысық» (Черная кошка) атты қатыгез қылмыстық топтың мүшелері де бар.

Соғыс құпиялары: Еуразия бірінші арнасында тарихи сериал көрерменге жол тартады
Фото: Видеодан алынған скрин

Қазақстанның бай пайдалы қазба қорлары да «Третий рейх» агенттерінің назарын аударған. Сериалда партия және шаруашылық басшыларына жасалған қастандықтар, эвакуацияланған кәсіпорындардағы терактілер мен режимге наразы азаматтарды өз жақтарына тартумен айналысқан диверсанттарды жою бойынша арнайы операциялар баяндалады.

— Бұл фильм — Қазақстанның Жеңіске қосқан орасан зор үлесі туралы. 528 Кеңес Одағының Батыры — осының айқын дәлелі. Олардың ішінде Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да бар — екеуі де майданға шақыртылмаса да, өз еріктерімен аттанды. Бұл — патриотизмнің бұрын-соңды болмаған көрінісі, оны ұмытпауымыз керек. Фильм қызықты, шиеленісті әрі шынайы шықты. Ол өз көрерменін табатынына және халық арасында кең таралатынына сенімдімін, — деді «Еуразия Бірінші арнасы» бас директорының міндетін атқарушы Арман Құдайбергенов.

Арман Құдайбергенов
Фото: Арман Құдайбергеновтің жеке мұрағатынан

Сериалдың режиссері — Владимир Воробьёв. Актерлік құрамда — қазақ киносының аңызы, Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешева, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Татьяна Догилева, Павел Трубинер, Айдана Елемес, Дмитрий Астрахан, Ерболат Тоғызақов, Еркен Ғұбашев, Әлихан Кәрібаев және Азамат Нығманов бар.

Соғыс құпиялары: Еуразия бірінші арнасында тарихи сериал көрерменге жол тартады
Фото: видеодан алынған скрин

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығы мерейтойы қарсаңында Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы жаңа жинақ жарық көрді

Еске сала кетсек, Жеңістің 80 жылдығына орай Президент Телерадиокешені ерекше жобаны іске қосты. Kazinform агенттігінің фотомұрағатындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кезінде түсірілген сирек суреттер жаңа технология көмегімен түрлі түске боялып, қимылдайды

Соңғы жаңалықтар