Соғыс қаһармандары. Батырлар есімдері ешқашан ұмытылмайды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамзат тарихындағы ең сұрапыл да зұлматты кезеңнің бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс. Кеңес Одағында 1941 жылы басталып, 4 жылға созылған соғыста 35 млн адам ұрысқа тікелей қатысты. 1 418 күнге жалғасқан соғыстың ақырғы нүктесі 1945 жылдың 9 мамырында қойылды.
Дүние елдерін шарпыған соғыстан сол тұстағы КСРО құрамындағы Қазақстан да тыс қалған жоқ. Сұрапыл соғысқа Қазақстаннан 1 млн 200 мың жауынгер майданға аттанған. Қазақстан азаматтары ұрыстардың алғы шебінде ерен ерлік көрсетті. Аттанғандардың 600 мыңнан астамы немесе тең жартысы соғыстан қайтып оралмады. Қазақстандық 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды.