08:30, 08 Шілде 2009 | GMT +5
«Соғыс және бейбітшілік» романы үздік туынды деп танылды
МӘСКЕУ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы Newsweek журналының нұсқасы бойынша барлық дәуірдің және барлық халықтардың үздік туындылары болып табылатын 100 кітаптың тізімінде бірінші орын алып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы ондыққа сондай-ақ, Джордж Оруэллдің «1984», Джеймс Джойстың «Улисс», Владимир Набоковтың «Лолита», Уильям Фолкнердің "Шу мен ашу", Ральф Эллисонның "Көрінбейтін адам", Вирджиния Вульфтың "Маякқа", Гомердің "Илиада" және "Одиссея", Джейн Остиннің "Мақтаныш пен қате түсінік", Данте Алигьеридің "Құдіретті комедия" кітаптары кірген.
Бұл тізімді жасауда кітаптың тарихқа әсері, оның әлемдік мәдениетке деген зияткерлік үлесі, кітаптың қазіргі замандағы маңызы, оның оқырмандар арасындағы танымалдығы сияқты факторлар ескерілді.