Соғыста хабарсыз кеткен жауынгердің құжаты табылды - Атырау
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, атыраулық жауынгердің портреті мен құжаттары Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы музейден табылған.
«Майданнан оралмаған азаматтар туралы деректерді жинақтаумен «Атамның аманаты» қоғамдық қоры айналысып жүр. Бүгінде аталған қор Ресей Федерациясының «Поисковое движение России» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойған. Екіжақты ынтымақтастықтың нәтижесінде табылған жерлесіміз Темірәлі Сәрсенғалиевтің портретінің көшірмесі мен құжаттарын туыстарына табыстадық», -деді Бақытгүл Хаменова.
Темірәлі Сәрсенғалиев 1922 жылы бұрынғы Гурьев облысы, Теңіз ауданының Жамбыл колхозы, Мұратов ауылдық кеңесінде дүниеге келген. «Қызыл Жұлдыз», Сталининградты минадан тазартудағы жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.