Соғыстан қалған 1,5 тонналық бомбаны залалсыздандыруға 17 сағат уақыт кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгте саперлер 4 жұлдызды қонақ үй жанынан табылған Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған американдық бомбаны залалсыздандырды, деп хабарлады ВВС.

Соғыстан қалған 1,5 тонналық бомбаны залалсыздандыруға 17 сағат уақыт кетті

Оқ-дәрі табылған ауданнан 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 1,5 тонна жарылғыз затқа толы бомбаны залалсыздандыруға шамамен 17 сағат уақыт кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, AN-M66 маркалы авиабомбаны жапон әскері Гонконгті жауап алуы кезінде АҚШ-тың ұшақтары тастаған. Бұл басқыншылық шабуыл 1941 жылдың желтоқсаны мен 1945 жылдың тамызы аралығында болған еді.