«Сокол» футбол командасы мінген ұшаққа жай түсті

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Саратовтың «Сокол» футбол командасы мінген ұшаққа жай түсті. Бұл туралы клубтың өкілі хабарлады, деп жазады Утро. ру.

«Сокол» футбол командасы мінген ұшаққа жай түсті

Команданың өкілі журналистерге мәлім еткендей, 24 ойыншы чартерлік рейспен оқу-жаттығу жиынына Мәскеуден Түркияға ұшып бара жатқан. Кеше кешқұрым ұшақ жерге қонар кезінде әуелайнердің корпусына электр разряды тиді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.