Соқтығысқан екі көлік жүргізушісінің бірі екіншісін атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция жол-көлік оқиғасынан кейін қарсыласының басынан атқан ызақор жүргізушіні іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Соқтығысқан екі көлік жүргізушісінің бірі екіншісін  атып кетті

Мәскеудегі Почтовая көшесінде жолда жанжал туындап, соның салдарынан бір жүргізуші ауыр жарақаттанған. LifeNews-тың мәліметтерінше, ер адам жол апатынан кейін екінші көлік жүргізушісімен сөйлесу үшін машинадан шыққан бетте ол оқ жаудырған. Оқтың бірі мұның басына тиді.

Апат орнында медициналық қызметкерлер мен полиция жұмыс жүргізді, жәбірленген азамат ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары әлгі мергенді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды piter.tv.