Соқырларға арналған смарт-көзілдірік шықты
АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Оксфорд университетінің ғалымы көру қабілеті төмен адамдар үшін көпфункциялы смарт-көзілдірікті ойлап тапты, деп хабарлайды medportal.ru сайтынан.
Соқыр болып табылатын көптеген адамдар қозғалыс пен жарықты қабылдай алады, ал бұл құрылғы осы мүмкіндіктерді пайдалануға бейімдейді.
Зерттеушінің сөздеріне қарағанда, бұл көзілдірік соқыр адамдарға жолдарында кездесетін кедергілерді анықтап беріп қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір нысандарды, мысалы, автобус аялдамасын, есік немесе өзінің жеке заттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Смарт-көзілдірік құрамында нысанға дейінгі арақашықтықты анықтайтын бейнекамера мен инфрақызыл проектор, сонымен бірге мүлде көрмейтін адамдарға көмек үшін қажетті компас, GPS спутниктік навигация жүйесі және гиросоп (заттың бұрышының өзгерістерін анықтайтын құрылғы) бар.
Өз еңбегі үшін ғалым Хикс Брайан Мерсер корольдік қауымдастығының жүлдесін жеңіп алды. Енді ол өзі ойлап тапқан бұл құрылғыны одан әрі жетілдіруді жоспарлауда.