Сол жағалауда «Номад» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов   «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне елордадағы «Номад» тұрғын үй кешенінде өрт болғандығын растады.

Сол жағалауда «Номад» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндірілді

«29 мамырда 20.48-де өрт сөндіру қызметіне  Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан 14 қабаттты «Номад» тұрғын үй кешенінің  8-9 қабаттары деңгейінде  сыртқы қаптамасының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Елордалық өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күшімен  тілсіз жау 21.20-да ауыздықталды. 21.40 та жалын толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге 17 адам мен 6 техника тартылды. Сондай-ақ жоғары қабаттарда пайдаланылатын арнайы техника қолданылды. Пәтерлер зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлады Руслан Иманқұлов.