Солдат шатқалына «алтын» жауды - Азиада

АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Шаңғымен бағдарлаушылар ел қоржынына тағы екі алтын салды: қыздарымыз да, ерлеріміз де ерледі.
None
None

Эстафетаға қыздар арасынан Евгения Кузьмина, Эльмира Молдашева және Ольга Новикова қатысты. Олар 59 минут 43 секунд нәтижемен, қанжығаларына алтын байлады.

Ерлер арасында Александр Бабенко, Аслан Тоқбаев және Михаил Сорокин өнер көрсетіп, 56 минут 15 секунд нәтижемен, алтынмен апталды. Олар корей, иран және моңғол бағдарлаушыларын артта қалдырып кетті.

Бүгін Солдат шатқалында шаңғы жарысынан өткен классикалық және еркін стильде әйелдер арасындағы 5 шақырымдық эстафетада жерлестеріміз алтыннан алқа таққанын, биатлоннан әйелдер арасындағы 4х6 шақырымдық эстафеталық жарыста да жерлестеріміз бірінші жүлде алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Дәл қазір шатқалда классикалық және еркін стильде ерлер арасында 4х10 эстафетасы өтуде.

Соңғы жаңалықтар