Солнечный ауылы қыста жылусыз қалуы мүмкін - Н. Сабильянов

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Үкімет басшысының атына сауал жолдап, онда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Солнечный ауылының жылу беру жүйесін және инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселесін көтерді.
None
None

Депутаттың айтуынша, аталған мәселе осыған дейін де бірнеше дүркін сөз болғанына қарамастан, кезінде көтерілген проблема әлі де өз шешімін таппай отыр.

«Солнечный ауылында 2010 жылғы қаңтарда жылу қазандығы жарылып, жылу жүйесі толық істен шығып, 1 ай дегенде қалпына келтірілген еді. Бұрын әскери қалашық болған осы ауылдағы бес қабатты үйлерде 1,5 мыңдай адам тұрады. Бұдан бөлек, ауылда Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты 4 түзеу мекемесі де орналасқан. Қазіргі кезде Солнечныйдағы жылу қазандығы, жылу жүйесі тозған, олардағы орнатылған құрал-жабдықтардың пайдалану мерзімі біткен. Сондықтан да, қыс түспей жылу қазандығы іске қосылса, бес қабатты тұрғын-үйлерді де күрделі жөндеуден өткізіп, балабақша, мәдениет үйін, дәрігерлік амбулаторияны салу мәселесі шешімін тапса игі», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар