Солнечный кентіндегі мектепте жылыту жүйесі қалпына келтірілді - ШҚО

АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін, ақпанның 1-інде Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Солнечный кентінде №236-шы орта мектепте жылыту жүйесі қалпына келтірілді,

Солнечный кентіндегі мектепте жылыту жүйесі қалпына келтірілді - ШҚО

деп хабарлады ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес дүйсенбіге дейін мектепке жылу беру үшін жылыту трассасының 9 мың метр құбыры жылу өткізбейтін материалдармен қымталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен қаңтар айының 12-сі күні Солнечный кентінде қатты борап соққан желдің салдарынан электр жеткізуші желілер үзіліп, ол жылыту трассасының қатуына алып келген болатын. 4 түзету мекемесі мен көпқабатты 8 үйдің мыңнан астам тұрғыны бірнеше күн жылусыз отырды.

Айта кетейік, бұған дейін үш түзету мекемесінің жылыту жүйесі қалпына келтірілген болатын. Жөндеу-қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүргізілуде.