«Солнечный мир» қоғамдық қоры елордада қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Шараны «Асыл бала» республикалық қоғамдық қорының қолдауымен «Солнечный мир» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
«Бастапқыда біздің қорымыз Дауна синдромына шалдыққан балаларды тәрбиелейтін ата-аналардың бастамашыл тобы ретінде құрылған болатын. Өткен жылы желтоқсан айында қорымыз тіркелгеннен кейін балаларымыздың мүүделерін ресми қорғай бастадық. Бүгінгі жәрмеңке шеберлердің, ата-аналардың, «Зеленый кот» шығармашылық студиясының, «Еуразия» сауда үйінің, «Асыл бала» республикалық қауымдастығының және біздің достарымыздың арқасында өткізілді. Бұйымдарды сатудан түскен бүгінгі қаржы Дауна синдромына шалдыққан балаларды дамытуға және оларға қолдау көрсетуге жұмсалатын болады», - деді «Солнечный мир» қоғамдық қорының директор Евгения Чеботарева.
Қоғамдық қор ақпаратына қарағанда жәрмеңкеде жұртшылық елордалық шеберлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдарды сатып алды. Ал жәрмеңкеге келген кішкентай қонақтардың көңілін мерекелік концерт пен әзілкештер көтерді.