Солтанбай Жарықбасов: Соғысқа Ташкенттегі мергендер курсында оқып, аттандым

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Солтанбай Жарықбасов соғысқа аттанған сәтін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Алматы облысының баспасөз қызметі

Солтанбай Жарықбасов майданға аттанбас бұрын Ташкенттегі мергендер курсында оқығанын жеткізді.

«18 жастағы бозбала болдық. Арнайы мергендер курсында оқып, халқымды жаудан қорғадық. Зұлмат заман көз алдымда. Соғысты ұрпағым көрмесін. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын», - деді Солтанбай Жарықбасов.

Жапондықтарға қарсы соғысқан Солтанбай Жарықбасов Забайкал майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонның, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған.


Айта кетейік, Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы өмірге келген. Ол 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанған.

ҰОС ардагері - 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иесі. Сонымен қатар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар