«Солтүстік Бозашы» кенішінде жарылыс болды
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы «Солтүстік Бозашы» кенішінде жұма күні төтенше оқиға болды. Сағат 12.10-да жөндеу жұмыстары (бітеуіштерді ауыстыру) кезінде жарылыс болып, 2 резервуар өртенді,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жарылыс салдарынан «Мұнай Сервис Компаниясы» ЖШС-нің 40 жастағы монтаждаушысы оқиға орнында көз жұмды. Өрт сағат 13.20-да сөндірілді.