07:46, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Солтүстік Ирландияда болған тәртіпсіздіктер барысында 82 полиция қызметкері зардап шекті
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландияда жыл сайын протестанттар шеруі болатын уақытта орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан 82 полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Лента.ру агенттігі Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәртіп сақшыларының көбі қатты жараланбаған. Ресми хабарламалар бойынша, тек екі полиция қызметкері, атап айтқанда, басына зақым тиген әйел мен оқтан жараланған бір ер адам ғана ауруханаға жеткізілген. Азаматтар арасындағы зардап шеккендердің саны туралы әлі хабарланған жоқ.