Солтүстік Ирландияда сауда орталығының жанында жарылғыш зат қойылған автокөлік жарылды

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландиядағы сауда орталығының жанында жарылғыш зат қойылған автокөлік жарылды,

Солтүстік Ирландияда сауда орталығының жанында жарылғыш зат қойылған автокөлік жарылды

деп хабарлайды Sky News . Ғимаратқа елеулі зиян келгенімен, зардап шеккендер жоқ.

Жарылыс қазанның 5-інде түн ортасы ауа бергенде Дерри қаласындағы (Лондондерри деп те аталады) DaVinci сауда орталығының жанында орын алды. Жарылғыш зат қойылған Opel Corsa автокөлігі ғимараттың Ольстер банкі (Ulster bank) жақ беткейінде тұрған еді.

Қала әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, полиция жарылыс туралы бір сағат бұрын хабардар болған. Жарылғыш орын алған уақытта барлық тұрғындар мен сауда орталығына келушілер қауіпсіз жерге әкетіліп, оқиға орны қоршауға алынған еді. Әзірше жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алып отырған жоқ.