18:50, 18 Шілде 2015 | GMT +5
Солтүстік Каролинада ғалымдар XVIII ғасырдағы сауда кемесінің қалдығын тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Каролина штатының жағалауындағы океанологиялық экспедиция қатысушылары XVIII ғасырға тиесілі болуы мүмкін сауда кемесінің қалдығын тапты.
Оны Sentry қашықтықтан басқарылатын суасты аппаратының көмегімен зерттеді. Кейін табылған сынықтарды байқау үшін экипажы бар Alvin зерттеу сүңгуір қайығы түсірілді. Түсірілген суреттерден якорь шырмаулары мен навигациялық жабдықтарды, соның ішінде, компас, керамика мен шыны қалдықтарын көруге болады.
Ғалымдардың айтуларына қарағанда, кеме сынықтары Солтүстік Каролина жағалауынан 150 миль жерден табылған.