Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Солтүстік Каролинада қолтырауындар гольф алаңында айқасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Солтүстік Каролина штатында гольфсүйер қауым екі қолтырауынның айқасына куә болды.

Солтүстік Каролинада қолтырауындар гольф алаңында айқасты

Жыртқыштар ойынға арналған алаңдағы су қоймасы жағасында айқасқан, деп хабарлайды UPI.

Бақылаушылардың айтуынша, бір қолтырауынның ұзындығы үш жарым метрден астам. Ал оның қарсыласы шамамен бір метрге қысқа. Ол өзінен ірі қолтырауынның қақпанша қысқан жағынан босап шыққысы келді, бірақ оны жібермеді.

Қолтырауын қозғалыссыз қалғанда, гольфшілер өлді деп ойлаған. Бірақ, бір минуттан соң айқас қайта жанданды. Қолтырауын қарсыласынан сытылып шығып, жүзіп кетті.

Гольф ойыншыларының бірі мұны видеоға түсіріп, өзінің YouTube-арнасына жариялады.