Солтүстік Каспий жобасының жаңа операторы аймақ мәселесін шешуге қатысады ? Атырау

АТЫРАУ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Бүгін Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев «НКОК» - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының басқарушы директоры Пьер Оффантпен кездесті,

Солтүстік Каспий жобасының жаңа операторы аймақ мәселесін шешуге қатысады ? Атырау
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл компания - жобаның бұрынғы операторы «Аджип ККО» компаниясының орынын алмастырған, Каспий теңізі табанындағы Қашаған мұнай және газдың алып кен орнын игеру жөніндегі Солтүстік Каспий жобасының жаңа операторы. Б.Рысқалиев жергілікті атқару органының компаниямен тығыз ынтымақтастық орнатуға, аймақта орын алған мәселелерді бірлесе шешуге мүдделі екендігін жеткізді. П.Оффант мұндай ұсыныспен келісті және облыс үшін басым мәселелер саналатын жұмыстарға Солтүстік Каспий жобасының жаңа операторы жақын арада кірісетініне сендірді.