Солтүстік Қазақстан әкімі 16-шы жазғы Азия ойындарынанжүлделі оралған спортшыларға наградалар және пәтер кілттерін табыс етті

ПЕТРОПАВЛ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан әкімі Серік Біләлов Гуанжоудағы 16-шы жазғы Азия ойындарынан жүлделі оралған солтүстікқазақстандық спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті,

Солтүстік Қазақстан әкімі  16-шы жазғы Азия ойындарынанжүлделі оралған спортшыларға   наградалар және пәтер кілттерін  табыс етті

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Әкім өз сөзінде, Солтүстік Қазақстан облысы спортшыларының республикалық жарыстарда - облыстың, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын лайықты қорғап келе жатқанын айтты.

«Елбасы өз Жолдауында қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тартуды тапсырған болатын. Облысымызда бұл міндет абыроймен атқарылып келеді. Соның бір айғағы - спортшыларымыздың жетістіктері. Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары, 16-шы жазғы Азия ойындары мен волейболдан Қазақстан кубогының ақтық жарысында облыс спортшылары шеберлік пен жеңіске деген жігерін танытты», - деді әкім өз сөзінде.

Сондай-ақ жиын барысында марапаттау рәсімі өтті. Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Маргарита Мацко мен күміс жүлдегер Евгений Эктов облыс әкімінің қолынан пәтер кілтіне ие болды. Сондай-ақ Ақан Баймағанбетовтың бапкері Қонысбек Түкенов те баспаналы болды. Ал Ақан Баймағанбетов, Наталья Стефанская, Артур Сабитов, Кристина Григорян, Роман Мелешин мен «Есіл» волейбол клубы облыс әкімінің сыйақысын иеленді. Солтүстікқазақстандық бапкерлерге алғыстар хаттар табыс етілді.

Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы 2011 жылы Қазақстанда 7-ші қысқы Азия ойындарының өтетіндігін еске салып, облыс спортшыларына үлкен үміт артылып отырғанын айтты. Қысқы Азиада қарсаңында өтетін алау эстафетасын келесі жылдың 21 қаңтарында Петропавл қаласы қабылдайды.

Облыс әкімі аталмыш спорттық шаралар жоғары деңгейде өтіп, спортшылардың биік тұғырлардан көрінетіндігіне сенімін білдірді.