Солтүстік Қазақстан аудандарында ҚХА құруды ұсынуда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Солтүстік Қазақстан аудандарында ҚХА құруды ұсынуда

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов отырысты аша отырып, Ассамблеяның тұрақтылық пен этникааралық келісімді нығайтуда ауқымды жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті.

СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов ағымдағы жылы ұйымның жүргізетін жұмыстары туралы айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, жастардың бастамаларына қолдау танытып, олардың жарқын істеріне көмек көрсету - басты бағыттардың бірі.

«Аудандық деңгейде ҚХА өкілділігін құру керек. Ал ауылдық округтер мен ауылдық деңгейде - қоғамдық келісім кабинеттерін ашу керек. Бұл қоғамдық келісім кеңестерінің  жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дайын база болып табылады», - деді Наиль Салимов.

Құмар Ақсақалов аудандық ҚХА құру туралы бастаманы қолдады.

«Солтүстік Қазақстан облысы - көп ұлтты өңірлердің бірі. Біздің Ассамблея ары қарай да бейбітшілікті, достастықты және мейірімділікті нығайту үшін жұмыс жасайтынына сенімдімін, ал біздің өңір ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің айнымас үлгісі болады», - деп қорытындылады Наиль Салимов.