Солтүстік Қазақстан: Қаңтардың екінші онкүндігінде күн жылынады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының синоптиктері өңірдің ауа райы қандай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, облыста орташа айлық температура нормаға сәйкес - минус 14-17 градус болады.
Айдың алғашқы онкүндігінің екінші жартысында ауаның температурасы түнде 15-23 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін төмен болады. Күндізгі температура 10-15 градус, кей жерлерде - 18 градус аяз болады.
Қаңтар айының екінші онкүндігінің басында Солтүстік Қазақстан облысында күн жылынады. Күндіз 7-12 градус аяз болса, кейбір жерлерде -17 градусқа дейін төмендейді. Түнде сынап бағанасы 13-18 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде 23 градус аяз болады. Одан кейін ауа райының түнде 25-30 градусқа дейін, күндіз кей жерлерде 18-23 градусқа дейін төмендеуі күтіліп отыр. Екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы жоғарылайды.
Қаңтардың үшінші онкүндігінде аяз болады. Онкүндіктің басында күндізгі температура 10-15 градус, түнде - 25 градус аязды көрсетеді. Одан кейін тағы салқындап, түнде 32 градус, күндіз -25 градус аяз болуы мүмкін.
Облыста түсетін жауын-шашын нормаға сәйкес болады. Екінші және үшінші онкүндіктің ортасында кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, батыс жақтан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Бірінші онкүндіктің екінші жартысында кей жерлерде тұман болады.
Автор: Олеся Жуковень