Солтүстік Қазақстан облысына аптап ыстық келе жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
1 тамыз күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болып, ауа температурасы 36 градусқа жетуі ықтимал.