Солтүстік Қазақстан облысына жолдарды жөндеуге 10 млрд теңге қаржы бөлінді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Сайранбек Бармақов жалпы Қазақстанда және СҚО-дағы жолдар құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол Елбасы Жолдауында жол саласына баса назар аударылғанын атап өтті. Жалпы 4 400 шақырым жол қамтылады.

Оның ақпаратына сүйенсек, 2020 жылға қарай 7 мың шақырым жол ақылы болады. Үстіміздегі жылдың соңына қарай «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» жолдарын ақылы ету жоспарлануда. 2018 жылы тағы 5 жолға ақы алынатын болады. Бұл жолдарға «Щучинск -Петропавл-РФ шекарасы»,  «Қостанай- РФ шекарасы», «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Талдықорған-Өскемен», «Астана-Павлодар», «Павлодар-Семей», «Семей - Өскемен» аумағы кіреді.

«Ақылы жолдарда жол көлік апаты аз орын алады. Оларды қамтамасыз ету үшін мемлекет ақша бөлмейтін болады. Мысалы, «Астана-Щучинск» тасжолы жыл сайын 1,2 млрд теңге қаржы түсіруде. Бұл сома жолды күтіп ұстау шығынын толығымен өтейді», - деді Сайранбек Бармақов.

ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Солтүстік Қазақстан облыстық жол ұйымының қызметіне оң баға берді.

«СҚО - жолаушылар шағымы жоқ облыстардың бірі болып саналады. Жолдарда қамтамасыз ету мәселесіне жақсы жолға қойылған. Жол-көлік апатының саны 30%-ға қысқарған. Су тасқынының салдарынан ойрандалған жерлер қалпына келтірілген. Тек «Петропавл-Соколовка» көпірі қалды. Биылғы жылы жоспарымызда бар, оған 444 млн теңге қаржы бөлінді. Ол да салынады», - деп атап өтті Сайранбек Бармақов.

СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлағандай, биылғы жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 10,7 млрд теңге бөлінген. 647 шақырым жол жөндеуден өтеді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, екі есе көп. 

Соңғы жаңалықтар