Солтүстік Қазақстан облысында 2 орман өрті ауыздықталды

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қаратомар орман шаруашылығының 2 аумағында орман өрті орын алды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Сенбі күні кешкі сағат 8-де 110-шы орамда жалпы аумағы 50 гектарды құрайтын орман өртенді. Тілсіз жау түн ортасында ауыздықталды.

Сондай-ақ сенбіден жексенбіге қарағаны түні дәл осы орамда 38,2 гектар орман алқабы өрт құшағына оранды. Қызыл жалын таңертең сөндірілді.

Екі өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 21 маман мен 4 техника жұмылдырылды. ТЖМ ақпаратына сәйкес, екі оқиға барысында да зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар