Солтүстік Қазақстан облысында 21 сәуірден бастап карантин режимі күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 сәуірде сағат 00:00-ден бастап кәсіпкерлік және өзге де қызмет пен халық тұрмысының ерекше жағдайлары қарастырылған карантин режимі күшейтіледі, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Солтүстік Қазақстан облысында 21 сәуірден бастап карантин режимі күшейтіледі

Мәліметке сай, 21 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап төмендегілерді қоспағанда, аудандардың және Петропавл қаласының карантиндік аймақтарының аумағынан кетуге/кіруге тыйым салынады:

Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

Медициналық себептермен кететін және кіретін адамдар;

Карантин енгізілген кезеңде ауруханаларда емделіп, карантиндік және уақытша ауруханаларда бақылауға алынған адамдардың кетуі;

Транзиттік жүк көліктері;

Халықтың қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да өнімдері бар жүк көліктері;

Көктемгі дала жұмыстарына, экологиялық, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, соның ішінде ара шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтама ұсынылған кезде жүруге болады.

Сондай-ақ, әуежайдың, теміржол вокзалдарының, автостанциялар мен автовокзалдардың қызметі тоқтатылады.