Солтүстік Қазақстан облысында 7 млрд. теңгеге алты индустриалдық-инновациялық жоба іске асырылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірге салайық!» атты жалпыұлттық телекөпір болып өтті.

Мемлекет Басшысымен байланыста селекторлық режимде елдің барлық аймақтарының бірінші басшылары, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов та болды.

Петропавлдағы облыстық әкімдіктің кіші залында облыстық департаменттер мен ведомстволардың бірінші басшылары мен ұжымдары телекөпірге қатысты. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемелкеттік бағдарламасы қазақстандық экономиканың қарқынды өсуінің негізіне айналды.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Президентінің қолдауының арқасында экономика жіті даму үстінде. Ішкі аймақтық өнім 19 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы динамикалық өсу үстінде. Етті мал шаруашылығы динамикалық дамуда. Облыс шаруашылықтары ірі қараның, соның ішінде асыл тұқымдылардың 21 мың басын сатып алды.

Өндірістік өнеркәсіп сапалы жаңа деңгейге шығуда - тапсырыстар портфелі 28 пайызға артты.

Барлық мемлекеттік бағдарламалар табысты іске асырылуда. Индустрияландыру картасына бағасы 42 млрд. теңгеге 30 жоба кірді. 4 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ағымдағы жылы облыста жалпы құны 7 млрд. теңгеден астам 6 индустриялық-инновациялық жоба іске асырылатын болады.

Телекөпір аяқталған соң облыс әкімі Серік Біләлов қазір Астанадағы көрмеде Солтүстік Қазақстанда іске асырылатын жобалардың ұсынылатынын айтты.

Аймақ басшысы барлық әкімдерге, департаменттер мен ведомство басшыларына ел Президентінің телекөпір барысында қойған міндеттерін есепке ала отырып, Мемлекет Басшысының өз сөзінде белгілеген әрбір бағытқа назар аударып, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша жұмысты мұқият талдау керек екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар