Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
2 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер Атырауда нөсер жауын жауу қаупі бар екенін болжаған.
Сондай-ақ еліміздің жеті өңірінде аптап ыстық болатыны хабарланған .