Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар автожол кешеден бері жабық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше бағыттағы жол жабық

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көрудің 50 метрге дейін шектеліп, көлік жүргізушілері үшін қауіпті жағдайдың тууына байланысты 10 наурыздан бастап бірқатар республикалық маңызы бар автожол жабылған. Олар:

Р-58 «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 68-194 км (Возвышенкадан Қиялыға дейін);

Р-60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-33 км (Волошинкадан Кривошековоға дейін);

Р-61 «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысының шекарасы» 0-32 км (Тимирязеводан Қостанай облысының шекарасына дейін);

М-36 «Екатеринбург-Алматы» (729-768 км, Тоқсан би ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

11 наурыз сағат 00.00-ден бастап боранның күшеюіне байланысты А-16 «Жезқазған - Петропавл» республикалық автожолының 595-781 шақырымы (Ақмола облысынан Сергеевка қаласына дейін) және облыстық маңызы бар 37 жол учаскесі жабылды.

Осыған байланысты құтқарушылар елді мекендерден алысқа ұзап шықпауға кеңес береді.