Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында дауылға байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрады

«Солтүстік Қазақстан облысында 28 қыркүйек күндіз, 29 қыркүйек тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болатын жел соғады.

Петропавлда 28 қыркүйек күндіз, 29 қыркүйек тәулік бойы батыс, оңтүстік-батыс бағыттан жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болатын жел болады. Дауылдың ықтималдығы - 90-95 %» делінген синоптиктердің хабарламасмында.