Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 15 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында егіс науқаны басталды

Қатты су тасқыны солтүстікқазақстандық шаруалардың белгіленген агротехникалық мерзімде көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірмеді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өткен демалыс күндері жағдайды сол жерде бағалау үшін облыстағы егін алқаптарын аралап шыққанын атап өтті.

«Жалпы биыл жұмыс істеуге жағдай қолайлы. Жер құрғақ. Елді мекендерге қарағанда, егіс алқабында судың деңгейі аз. Егісті қолайлы агротехникалық мерзімде аяқтау үшін барлық жағдай жасалған деп есептейміз. Бүгінде 4,2 млн гектардың 186 мыңы - жаздық егістер, 52 мыңы - майлы дақылдар, 121 мыңы - дәнді дақылдар себуге, 0,75 мыңы - көкөністер егуге жұмсалады. Көкөністерді көбірек өсіру керек», - деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысы көкөністерді оңтүстіктен тасымалдамай, өзін-өзі қамтамасыз ете алады деп есептейді. Бұған - ерте пісетін қияр мен қызанақ кірмейді.

«Бізде бәрі жақсы өсіп жатыр. Біз елімізді асырауымыз керек. Тек сүтпен және етпен ғана емес. Ауыл шаруашылығы басқармасы осы саланы дамыту тұжырымдамасын жасауы қажет», - деді СҚО әкімі.

Биыл өңірде жоғары рентабельді дақылдар алаңы көбейеді. Соның ішінде, майлы дақылдар алқабы - 200 мың гектарға, қант қызылшасы - 600 гектарға, бұршақ дәнділер алаңы - 53 мың гектарға ұлғаяды.

Егіс науқанында 30 мың ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылады.