Солтүстік Қазақстан облысында көлдердегі суларды айдап шығаруда

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстікқазақстандық құтқарушылар су тасқынына дайындалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында көлдердегі суларды айдап шығаруда

Мамлютка және Булаево секілді аудан орталықтарының маңында орналасқан  көлдерде тәулік бойы қуатты мотопомпалар жұмыс жасауда. Оларды биыл арнайы сатып алған. Бұл аудан орталықтарының шетіндегі көшелердің су басу қаупін сейілтеді. Мамлюткада 38 мыңнан астам, ал Булаевода - 117 мың текше метр су айдалды.

Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Болатжан Асқарбековтың ақпараты бойынша, алдағы су тасқынына 827 инженерлік және арнайы техника, 309-дан астам су айдау техникалары мен мотопомпалар, 133 жүзу жабдықтары дайындалды. 38,5 мың тонна көлемінде инертті материалдар қоры, 40 мың дана ыдыс-қап, 254 мыңнан астам ЖЖМ әзірленді. 14 жедел жауап қайтару жасағы, облыстық 16 азаматтық қорғаныс қызметі әзір тұр. 

null

null

null

null