09:13, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Солтүстік Қазақстан облысында локомотив пен дрезина соқтығысты, екі машинист қаза тапты
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы «Дәуіт» және «Талшық» стансыларының арасында кеше сағат 22:10-да алты вагоны бар астық салынған маневрлі локомотив пен дрезинаның соқтығысуы орын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, салдарынан екі машинист алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында мерт болды. Аталған оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді.