Солтүстік Қазақстан облысында пенитенциарлық жүйеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кпеңес өтті

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Елбасының Қазақстан халқына 2009 жылғы наурыз айындағы Жолдауында қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдарды бұзушылықпен батыл да аяусыз күрес жүргізу қажеттігіне» назар аударылды.
None
None
Осы міндеттерді орындау үшін «ЕС-164/1 мекемесінде (Солтүстік Қазақстан облысындағы оқшаулау абақтысы) Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы таратқан баспасөз баянында хабарланғанындай, оған сала қызметкерлерінен басқа «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Николай Ухов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоғамдық-байқау комиссиясының төрағасы Евгений Голендухин, сондай-ақ журналистер қатысты. Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі сәттерін қарап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөнінде нақты ұсыныстар берді. Семинар соңынан сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған деректі фильм көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар