Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейі төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 4 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы Сергееевка су қоймасындағы су деңгейі 993,3 млн текше метрден 940,3 млн текше метрге дейін төмендеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

null
 «Өткен тәуліктерде Ақтөбеде бұрын эвакуацияланған 1106 адам өз баспаналарына оралды. Ақмола, Қызылорда, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарында елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталғандықтан, жағаларды бекіту, уақытша бөгеттер салу, инертті материалдары бар қапшықтарды қою жұмыстары жалғасуда және Сырдария, Есіл, Нұра өзендеріндегі су деңгейіне бақылау жүргізіліп, тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауылында құтқарушылар жер асты суларын сорғытып жатыр», - делінген ТЖ комитеті таратқан хабарламада.
null

Апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге республика бойынша ТЖ комитеті бөлімшелерінен, жергілікті атқару органдарынан, жергілікті полиция қызметінен, Ұлттық гвардиядан және өзге ұйымдардан 1420 адам, 404 дана техника, 43 су сорғыту құралдары және 24 жүзу құралдары жұмылдырылды. 
null

Соңғы жаңалықтар