Солтүстік Қазақстан облысында түрмеде жазаларын өтеп жүрген 30 адам өз өздеріне қол салған

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Солтүстік Қазақстан облысының Горный елді мекенінде орналасқан ЕС-164/4 түзету мекемесінде жазаларын өтеп жүрген 30 адам өздеріне қол салған. Олардың 6-уы ауруханада жатыр. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті,

Солтүстік Қазақстан облысында түрмеде жазаларын өтеп жүрген 30 адам өз өздеріне қол салған

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шілденің 21-і күні орын алған оқиға кезінде сотталғандардың 30-ы өз өздеріне қол салған болатын. Сол күні ақ 13 адам ауруханаға жатқызылған. «Қазіргі кезде барлығы тұрақтандырылып, олардың денсаулықтары қалыпты деп бағалануда», дейді Е.Ерімбет.

Қазіргі уақытта олардың 7-уі ауруханадан шықты. Қалған 6-уы әлі де болса дәрігерлердің қарауында.

«Басты себеп - түрменің ішкі тәртібіне наразылық таныту болып отыр», деп атап көрсетті ресми өкіл.