Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 ауылдық округте әкім сайлауы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты бірнеше ауылдық округте әкім сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 7 ауылдық округте әкім сайлауы өтеді

«ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, әкімдер өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2023 жылы 21 мамырда ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу белгіленді», - делінген әкімдіктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Белгілі болғандай, Солтүстік Қазақстан облысындағы мына елді мекендердің әкімдері сайланады:

1. Аққайың ауданының Власовка ауылдық округінің әкімі;

2. Аққайың ауданының Ивановка ауылдық округінің әкімі;

3. Аққайың ауданының Черкасское ауылдық округінің әкімі;

4. Қызылжар ауданының Архангельск ауылдық округінің әкімі;

5. Ғабит Мүсірепов ауданның Дружба ауылдық округінің әкімі;

6. Уәлиханов ауданының Құлыкөл ауылдық округінің әкімі;

7. Шал ақын ауданының Городецкий ауылдық округінің әкімі.

«12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Қоса кетсек, бұған дейін Түркістан, Ақмола, Павлодар және Атырау облыстарына қарасты елді мекендердің әкімдерін сайлау өтетінін хабарлап едік.