Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аграршыларға үндеу тастады
ауа райының жайсыздығына байланысты егін орағының қарқынын арттыру қажеттігіне назар аударды.
«Ауа райының жайсыздығына байланысты егін орағын тездетуге барлық қаржы мен резервті жұмылдыру қажет. Ол үшін біріншіден, орылған дестелерді тездетіп жинау және астығы пісті деген учаскелерді, тіпті 25 пайызға дейінгі ылғалдықпен, тікелей комбайнмен ору қамтамасыз етілсін; екіншіден, астығы пісіп үлгермеген және арамшөптері бар алқаптарды да бастыруға дайындап, орып кету керек; үшіншіден, астықтың пісуі кешеуілдеген телімдерде сабақтар мен жапырақтарды қурату жұмыстары жүргізілсін. Яғни, барлық резервтерді пайдалану, әрбір ашық күн мен сағатты бос жібермеу, қазіргі жағдайдағы егін орағын жүргізудің стратегиясы мен тактикасын өзгерту керек», - деп атап көрсетті әкім өз үндеуінде.
«Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені өсірілген астықты далада қалдырмай, қамбаға құю үшін қолдан келген барлық шараны қабылдайды деп үміттенемін. Оған бізде барлық жағдай бар, тек барлығымыз жан сала еңбек етуіміз қажет», дейді әкім.