Солтүстік Қазақстанда 100 әйел полицейге наградалар мен шендер табыс етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде 8 наурызға орай әйел полицейлерге наградалар мен шендер табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстанда 100 әйел полицейге наградалар мен шендер табыс етілді

Аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, мерекелік бұйрыққа сәйкес 100-ге жуық әйел марапатқа ие болған.

«15-і ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ынталандырылды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың құрмет грамотамасымен ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы Эльмира Абушева марапатталды. СҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов 60-тан астам қызметкерді ынталандырды. 19 қызметкер кезекті офицерлік шен алды. Ішкі істер департаментіде жұмыс істейтін барлық әйелдер 8 наурызға сыйақы алды», - делінген таратылған ақпаратта.
null

Мерекеге арналған салтанатты жиын СҚО ІІД ұжымының ер-азаматтары дайындағын концертпен аяқталды.

Айта кетерлігі, бүгінде солтүстікқазақстандық полицияда 536 әйел қызмет етеді. Оның 393-інің офицерлік және сержанттық шені бар. Полиция полковнигі шені бар 3 әйел басшылық қызмет атқарады. Ішкі істер органында 28 подполковник, 103 майор әйел бар. Басшылық қызметтегілердің саны - 13 әйел.
nullnullnullnull