Солтүстік Қазақстанда 100 тұрғын үйді су алып жатыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда су тасқыны кезеңінде мүлкі мен үйлеріне келтірілген залалды есептейтін комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Солтүстік Қазақстанда 100 тұрғын үйді су алып жатыр

Су тасыған аумақтардан бірте-бірте кетіп жатыр. Облыс орталығында Кожзавод пен Заречный кенті қатты зардап шеккен. Қазір облыс бойынша 100 үй су астында тұр, оның 70-і Кожзаводта орналасқан. Өткен тәулікте Есіл өзеніндегі судың деңгейі 13 сантиметрге төмендеді. Таяу күндері оның деңгейі айтарлықтай төмендейді.

null

Облыстық мәслихат хатшысы Владимир Бубенконың ақпараты бойынша, комиссия Петропавлдағы 52 үйді тексерді. Залал туралы алғашқы мәліметтер сәрсенбі күні шығады. Қызылжар ауданы Тепличное кентінде осы демалыста сулар айдалып, 27 үй тексеруден өтті. Құмар Ақсақалов су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға көмек көрсетуді тапсырды.

null

«Нұр Отан» партиясымен бірге адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастыруымыз керек. Бірлесіп, сенбіліктер өткізуіміз қажет - ақтау, бояу, материалдарға көмектесу. Ешкімді өз мәселелерімен қалдырып кетпеуіміз қажет. Күн сайын жастар, спорттық, қоғамдық ұйымдар, адамдар - барлығы жағдай бір қалыпқа келгенге дейін сонда болуы керек», - деп атап өтті СҚО әкімі.

Кожзавод кентінің тұрғындары әлеуметтік желіге су тасқынынан зардап шеккен үйлердің суреттерін жариялауда. Адамдар жаз мезгілінде үйлері кеуіп үлгермейтінін және қыстайтын орын болмайтынын айтып, алаңдаулы.

null